ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Құрметті әріптестер! Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
13-12-2011 09:42

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан егеменді ел атанып, іргесін бекітіп, Күн астындағы қыран құстай қалықтап барша әлемге танылды.

Қазақ мемлекетінің өшкені жаңғырып, еліміздің әлеуметтік, экономикалық, білім мен мәдени салалары  қайта серпіліп, ілгері қадам басты.

Ұлан байтақ жеріміз, іргелі де еңселі еліміз, Астана төріндегі тұғырға тігілген өз туымыз рухымызды асқақтатқандай.

Ұлтымызға ғана тән табиғи қарым – қабілетімізді, ой – пікіріміз бен идеяларымызды іске асырдық, алыс – жақын елдерге өз салтымызды, рухани құндылықтарымыз бен мол мұрамызды таныта алдық.

Қазақ елінің одан әрі гүлденіп, жасыл желектей жайқалып, жаһандану дәуірінде өзіне лайық белестерден көрінуіне Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұлан -ғайыр.

Сіздердің білім мен тәжірибелеріңіз, өмірден жиған даналықтарыңыз кейінгі буынның  саналы және тәрбиелі болуына әсер етіп, еліміздің көркейіп, дамуына ықпал етіп жатыр деп сенемін.     

Құрметті әріптестер! Осы бір айтулы мереке қарсаңында баршаларыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін.

Барлық ойға алған жобаларыңыз бен армандарыңыз орындалып, жаңа шығармашылық жетістіктерге жете беріңіздер деген тілегімді білдіремін. 

 

 

Павлодар қаласы

білім беру бөлімінің бастығы                             З. Мұқашева