Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
«Ертіс өңірінің компоненті» атты облыстық конкурсы
Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институты білім беру басқармасымен бірлесіп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында Павлодар қаласы №16 орта мектеп негізінде 2011 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ертіс өңірінің компоненті» атты облыстық баспа өнімі конкурсын өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ұсынған 46 шығармашылық жұмыстан сайыстың іріктеу турынан 40 баспа өнімі өтті.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептер арасындағы жалпы орта білім беру мектептерде: 1-орынды – Негманова К.У. (Павлодар қаласы № 41 ОМ), 2-орынды – Смагулова К.С., Казыбаева У.Ж. (Павлодар қаласы № 24 ОМ), Жолжақсынова С.Б., Уныбаева А.Ж. (Павлодар қаласы №28 ОМ), 3-орынды - Мұсабекова М.Д., Медеуова С.А. (Павлодар қаласы №7 ОМ), Ташева Г.А. (Павлодар қаласы №43 ОМ), Қабдырақышева А.С., Әтімова С.Д. (Павлодар қаласы №16 ОМ), Садыкова Б.Р., Төлеубаева М.С. (Павлодар қаласының «Стикс» мектебі) жеңіп алды.


