ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Тәуелсіздік нығайту – тілді дамыту» қалалық ғылыми – тәжірибелік конференция
15-12-2011 10:20

14.12.2011ж. «Достық үйінің» «Достық» концерт залында Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік нығайту – тілді дамыту» қалалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.Конференцияға Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығының орынбасары – Ержан Мэлсұлы Рақымжанов, С.Торайғыров атындағы ПМУ Мәшһүртану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айтмұхамбет Қасымбайұлы Тұрышев , ИнЕУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректоры – Шнайдер Владимир Александрович , Павлодар қаласының №12 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – Бабажанова Оразгүл Дауылбаевна ,Павлодар қаласының №120 сәбилер балабақшасының басшысы- Ақатаева Алма Мажитқызы, Павлодар қаласының №17 көпшілік кітахананың кітапханашасы – Жармағамбетова Алмагүл Қонақбайқызы, «Қазақстан – Павлодар» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі – Сахарова Марина Николаевна ат салысып, баяндамалар оқыды. Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарды «Тіл жанашыры» номинациясымен , олардың ішінде қала мұғалімдерін де , атап айтсақ №29 орта білім беру мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Окасова С. Б., № 42 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мұғалімі Камзина А.Е. марапатталды.