3 ғасырдың басында мұғалімнің рөлі өзгерген. Оның кәсіби құзыреттілік мәселесі өзекті болып табылады. Білімнің жоғары нәтижесін көрсету үшін әр түрлі жағдайда мұғалім өзінің алған білімін, тәжірибесін дұрыс пайдалану мұғалімнің құзыреттілігін білдіреді. Қалалық білім беру бөлімі Павлодар қаласының Вуздарының профессорлық- оқытушы құрамымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес ИнЕУ-де биология кафедрасында биология пәнінің мұғалімдері үшін «Генетикадан есеп шығару әдістемесі» атты практикалық семинар өткізілді. Қала мұғалімдерімен ш.н.к,профессор С.Ж.Стамбеков және биология кафедрасының аға оқытушысы Л.А.Калыганова генетика саласында өз білімдерімен бөлісті. Семинар барысында мұғалімдер генетикадан теориялық сұрақтар мен есептерді шығару практикумы өткізілді. Семинарға 34 педагог қатысты.