Әдістемелік кабинет №34 мектеп базасында математика, физика, химия, биология, тарих, мұғалімдеріне оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша семинар – практикум өткізді. Жұмысбарысындажылдарбойытестілеуденжоғарыкөрсеткіш көрсетіпжүргенмұғалімдертәжірибелеріменбөлісті. Олартарихпәнінен: Байдолда М(№19 ЖОМ), Айткуженова С.Е.(№7 ЖОМ), БелогуроваС.М. ( №11 ЖОМ), Джежора С.Н.(№3 гимназиясы), математикадан: Щипицина Е.А.(СОШ №29), Тимофеева Е.В. (СОШ№16),физикадан: Хасенова Г.К.( №29 ЖОМ)географиядан : Жумабаевой А.К(№39 ЖОМ), биологиядан: Сафронова В.А. (№ 41 ЖОМ), химиядан: Айдина И.Г.( №5 ЖОМ), Ибраева О.Ж.(№22 ЖОМ).
Семинарда әдістемелік кабинеттің әдіскерлерімен алдын ала тестер нәтижелерінің талдауы жүргізіліп, қиын тақырыптармен жұмыс істеу, қайталауды ұйымдастыру, оқу материалының сабақтастығы бойынша, мәліметтерді блоктап беруге , тақырыптық тестерді қолдануға, нашар оқитын оқушылармен жеке жұмысы және ата-аналармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге нақты ұсыныстар берілді. ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін мұғалімдерге көмек көрсету бойынша әдістемелік кабинеттің өткізетін іс- шараларының жоспарларымен таныстырып, ҰБТ-ға дайындау технологиясын көрсетті.


