2013 жылдың 30 қаңтар күні «№30 сәбилер бақшасы» МҚКК –да қалалық білім беру бөлімінің маманы жетекшілігімен психологтарға арналған «Мектепке дейінгі балалардың жеке-тұлға ретінде даму ерекшеліктері» тақырыбына психолог мамандарға арналған қалалық оқыту - тәжірибелік семинары өтті. Семинарда №30 сәбилер бақшасының психологы Ж.Б.Қарашашевадаярлық тобының тәрбиеленушілерімен «Қызықты ойындарға саяхат» тақырыбына дамыту сабағын көрсетіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Жалғасын «Мектепке дейінгі балалардың жеке-тұлға ретінде даму ерекшеліктері», «Мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасы қалай қалыптасады» тақырыптарына №7, № 44 сәбилер бақшасының психологтары Т.Е.Бакеева, И.К.Бабакировалардың баяндамалары тыңдалды. Семинарда қызықты тренингтер, ойындар өткізілді.


