2013 жылғы 24 сәуір күні Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының негізінде 5-6 сынып оқушылары арасында І облыстық кешендік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Қорытынды кезеңге барлығы 32 білім беру мектептерінен 86 оқушы қатысты, соның ішінде: мамандандырылған мектептерден -24, Павлодар қаласынан - 1, Екібастұз қаласынан - 33, Ақсу қаласынан – 16, Қашыр ауданынан – 7, Железин, Успен аудандарынан - 2, Ертіс ауданынан - 1 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қатысушылары жаратылыстану ғылымы мен математика бағыттары бойынша жаңа форматты тапсырмаларды орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі оқушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.
І дәрежелі дипломдарымен Павлодар қаласының № 4 жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Ловицкий Евгений марапатталды.