ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының 2 қалалық фестивалі
21-11-2013 05:52
«Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспiрiмдер  шығармашылығының 2 қалалық фестивалі

.№2 Балалар музыка мектебінде Павлодар қаласы әкімшілігі білім беру бөлімінің қолдауымен «Отаным – Қазақстан» денсаулығы шектелмеген және денсаулығы шектеулi балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының  2 қалалық фестивалі өтті. Фестивалінің тақырыбы  «Ертістің Кереку өңірі – Сарыарқаның маржаны» деп аталды.Фестиваль алдында адамгершілік және азаматтық қасиеттерін дамыту, Отанды сүюге, өсіп келе жатқан ұрпаққа өз елі үшін мақтаныш және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу міндеті қойылды.Фестивальге 2 жас категориясы: 6 жастан 11 жасқа дейін және 12 жастан 16 жасқа дейінгі аралығындағы 100-ден аса балалар музыка, сахна өнері, бейнелеу өнері, сәнді - қолданбалы өнер, аралас жанр бағыттары бойынша өз өнерлерін  көрсетті. Әрбiр қатысушыға фестиваль қатысушысының сертификаттары табысталды. 2 жас санаты бойынша 3 жеңімпаз анықталып, бағалы сыйлықтарға (планшеттер, сапалы магнитафондар) ие болды, сонымен қатар 10 ынталандыру сыйлықтары да (ұялы телефондар) табысталды. Ұйымдар және жетекшiлер алғыс хаттармен, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.