Балалар-жасөспірімдер клубындағы балалардың әлеуметтік біліктілігін және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
.Балалар – жасөспірімдер клубының базасында қосымша білім беру педагогтарына арналған «Балалар – жасөспірімдер клубындағы балалардың әлеуметтік біліктілігін және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға мектептен тыс мекемелердің 20 аса педагогтар қатысты. Жігер БЖК үйірмелері мен секциялардың басшыларының баяндамалары, ашық сабақтар және шебер –класстары көрсетілді. Сонымен қатар «Шабыт» қолданбалы-өнер үйірмесі оқушыларының көрмесі ұйымдастырылды