Бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты-қоғам өзгерістеріне қарсы тұра алатын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық процестерін басқара алатын мамандарды қалыптастыру. Шын мәнінде, өркениетті қоғамдағы бәсекелес нарықтық қатынастардың барлық қиыншылықтары- бүгінгі оқушылардың мойынында. Ал сондай оқушыларды дайындау барша мұғалімдердің алдында тұрған міндет. Осындай келелі міндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, өз кәсіби шеберлігін арттыруға тиіс. Бұл жолда озық тәжірибемен бөлісетін мамандарда баршылық.
74 мұғалім қалалық деңгейде, 21 мұғалім облыстық деңгейде бөлісуге сұраныс берді. Сараптама комиссия мүшелері 67 қала деңгейі бойынша,18 облыс деңгейі бойынша ұсынылған жұмысты қарастырып,солардың ішінде 52 жұмысты қалалық деңгейде қорғауға ұсынды. Ал 18 мұғалімнің іс-тәжірибесі облыстық деңгейде қорғауғаға ұсынылды.
Инновациялық педагогикалық тәжірибе материалдарының сараптамасы облыстық деңгейде өтті. 18 жұмыстан, 14 қала мектептерінің мұғалімдері облыстық деңгейде өз тәжірибелерін қорғауға жіберілді:Сапина Г. Қ.(№2 ЖОМ), Ахмедиева Л. К., Тихонова Т. В.(№4 ЖОМ), Ерыгина Т.(№6 ЖОМ), Молокова И. О., Никитина Н. В.(№11 ЖОМ), Абдурасилова З. Қ.( №22 ЖОМ), Рамазанова Ғ. З.( № 29 ЖОМ), Шарбақбаева Б. К.( №35 ЖОМ), Шәріпова Т. Ш., Жүніспаева Қ. Х. (№35 ЖОМ), Смағұлова Б. Т. (КОМ), Вендерских А. В., Левина Н. П. "Стикс".
Шығармашылық табыс тілейміз!
Нұрахметова Ш.С., Павлодар қ. білім беру бөлімі
әдістемелік кабинеттің меңгерушісі