«Мен өз мектебімнің патриотымын!» облыстық фотосуреттер конкурсының қорытындысы
.
Конкурстың мақсаты қазіргі кезде оқушылардың зор беделіне ие болып жүрген «В контакте» әлеуметтік желісінің мүмкіндіктері арқылы оқушылардың бойында өз мектебіне және еліне деген патриотизмді қалыптастыру және дамыту.Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған 13 фотосурет жеңімпаз бен жүлдегер атанды.Олардың қатарында І дәрежелі дипломға ие болған Павлодар қаласының №25 ЖОББМ-нің 2-сынып оқушылары Асан Қайсар, Жолжаксинова Томирис, Сулейман және Айсултан Алибековтар, ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №25 ЖОББМ-нің 2-сынып оқушысы Ахмет Аружан, ІІІ дәрежелі дипломдармен Павлодар қаласының №22 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Мұхтарханова Айым, Жетекші ЖОББМ-ның 5-сынып оқушысы Орынғазиев Әділет марапатталды.


