Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы «Балауса-2014» қалалық балалар шығармашылығы фестивалі шеңберінде мектеп хор ұжымының байқауыөткізді. Кезекті рет балалар шығармашылығының ең көне байқауы қаланың ең талантты оқушыларын жинайды. Жылдан жылға қатысушылар саны ғана емес, олардың шеберлік деңгейі де өсуде.Әрбір хор ұжымы бір ай бойы өз шеберлігін тәжірибелі және өз ісіне еңбңгі сіңген ұстаздар жетекшілігімен жүзеге асырды.Байқауға қаланың 29 орта мектебінің отыз мектеп хор ұжымдары қатысты. Байқауның қорытындысы бойынша 2014 жыл фестивалінің абсолюттік жеңімпазы №11 орта мектебінің «Гармония» хор ұжымы (жетекшісі Ершова М.Е.) болды. Сонымен қатар фестиваль лауреатары № 2,4,7,18, 22, 34,41,43 мектептердің және Кенжекөл орта мектебінің хор ұжымдары болды.