Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Балалық шақтың музыкалық калейдоскопы
05-06-2014 12:52
Балалық шақтың музыкалық калейдоскопы

Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінде  Балаларды қорғау күніне арналған есеп беру концерті өтті. Онда мектеп ұжымдары мен оқушылары қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күні – ол әрқашанда жарық, ашық және көңілді күн.  Кешті қазақ халық аспаптары оркестірі ашты (жетекшілері: Қ.М.Ермекбаев, Н.Б.Қайшанов). Оркестірдің орындауында Құрманғазының «Адай», Құсайновтың «Мереке» шығармалары болды. Жарқыраған калейдоскоп секілді, барлық музыкалық нөмірлер сан қырлылығымен, ашықтығымен ерекшеленді: домбыраның терең, барқыт дыбысы саксофонның нәзік үнімен ауысты, орыс халық аспаптары оркестірінің  шын жүректен шыққан сазы мен бөлім педагогтарының жүрекке тиер қобыз және рояльда ойнаған әуендері, хорда айтылған мықты және жапырлаған балалардың құстай самғаған дауыстары. Концертке келген көрермендер соқпалы аспаптар ансамбілінің орындауларын сүйіспеншілікпен тыңдады (жетекшісі Е.М.Лысов). Олардың орындауында Перси Мэйфилдтің «Hit the road Jack» белгілі композициясы болды. Кештің соңында жоғарғы хор (жетекшісі С.А. Бахмат, сүйемелдеуші Д.С. Масленников, соқпалы аспаптарды – Р.Р. Ахматулин) белгілі «Sing, Sing, Sing» Л. Приманың джаз шығармасын бүкіл залды бірлестіріп, үлкен және жапырлаған хормен орындады.