Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Мен табиғатпен дос болғым келеді» шарасы
09-06-2014 11:03
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Мен табиғатпен дос болғым келеді» шарасы

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Балалар- жасөспірімдер экология және туризм орталығында Павлодар облысының экология департаментімен және Павлодар облысының қоршаған орта мен су   қорларын пайдалану басқармасымен бірлесе 5 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған, «Мен табиғатпен дос болғым келеді» шарасы өтті. Мерекеге қала мектептерінің 170 астам оқушысы қатысты: №2, 9, 11, 19,  29, 33, 43 ЖОМ, БЖЭТО клубының оқушылары. Мерекені жүргізу бағдарламасында көптеген қызықты сайыстар мен танымдық шаралар болды. Балалар «Краски природы» атты асфальтта сурет салу сайыстарына, зияткерлік-ойын сауық викториналарына қатысты. Клоуын қойлымы балалардың көңілінен шықты және көпке дейін естерінде сақталады деп ойлаймыз. Осы іс-шара қортындысы бойынша оқушыларға Павлодар облысының қоршаған орта мен су қорларын пайдалану басқармасы тарапынан грамоталар мен сылықтар берілді, жетекшілеріне Павлодар облысы әкімінің орынбасарынан алғыс хаттар берілді.