ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар облысының аудан мен қала әдістемелік кабинетінің меңгерушілеріне арналған «Білім беру және тәрбиелеудегі инновациялық іс-тәжірибе» атты екі күндік семинар
11-11-2014 12:46
Павлодар облысының аудан мен қала әдістемелік кабинетінің меңгерушілеріне арналған «Білім беру және тәрбиелеудегі инновациялық іс-тәжірибе» атты екі күндік семинар

Павлодар қаласы білім беру бөлімініңәдістемелік кабинеті өз іс-тәжірибелерімен бөлісу және алмасу мақсатында Павлодар облысының аудан мен қала әдістемелік кабинетінің меңгерушілеріне арналған «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту мақсатында әдістемелік қызметіндегі әрекеттіліктің жаңа тәсілдері»» атты екі күндік семинар өткізілді.Семинар 2014 жылы 5-6  қараша күндері өтті, аталып өткен семинарға  Павлодар облысының аудан мен қала әдістемелік кабинетінің 13 меңгерушісі  және 1500 қала мұғалімі қатысты.    

Қалалық білім беру бөлімінде «Білім беру мекемелеріндегі инновациялық әрекетінің сапасын қамтамасыз етуіндегі әдістемелік қызметінің рөлі»,  атты диалогтік алаң өткізілді.Қонақтарымыздың алдында білім беру бөлімі басшысының орынбасары  Г.Шиндлярская  «Білім беруді сандар мен фактілерде қарастыру » баяндамасында Павлодар қаласының білім беру жүйесімен таныстырып кетті. Павлодар қаласының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Нұрахметова, өз баяндамасында әдістемелік кабинеттің жұмысымен және  тұрақтыланған жаңа  формада білім берудің  негізгі бағыттарымен  таныстырып, шығармашылық түрде жұмыс істеп, нәтиже беретін қала мұғалімдері және директор орынбасарлары жұмыстарының іс-тәжірибелерімен білістірді.

   Бірінші күні    №42 ЖОМ базасында ұйымдастырылған іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарындағы технологияларды оқып үйрену мен апробациялауда  қонақтарымыз бұл іс-шараның қатысушылары болы.Бұл шараға 580 қала мұғалімдері қатысты.

     Бірінші күннің екінші жартысында №16 лицей-мектебінде өткізілген деңгейлік курстан өткен қала мұғалімдері мен директор орынбасарларының мастер-класс, коучинг, семинарлары  мазмұны жағынан қызықты, әсерлі,тартымды болды.Бұл шараға 500 астам деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, директор орынбасарлары менқонақтар ат салысты, өздеріне өз тәжірибелерінде қолданысқа алатын кең көлемді мәлімет алды.

Бірінші күн қонақтарымызды Г.Н.Потанин атындағы өлкетану мұражайына экскурсияға шақырып, бұл күн «Біздің өлкеміздің тарихы» атты мәдениетті іс шарамен аяқталды.        

Екінші күннің семинар бағдарламасында қатысушылар қала  әдістемелік кабинеттің қызметімен танысуды жалғастырды.  №36 ЖОМ базасында 5 жылдан астам  жүргізіліп келе жатқан «ПроЛС» атты жас мұғалімдер клубының отырысы болды. Отырыс жоспарының тақырыбы: «Мұғалім-оқушы: қарым қатынастарының стилі». Бұл отырыста 60 астам жас мұғалімдер іс-тәжірибелік көмек алып, бұл сұрақ бойынша психологтардан  кеңес алды.

            Жыл сайын қалалық білім беру бөлімі  түлектерді ҰБТ-ға дайындаудағы көмек беру тәсілдерін жаңартып, жоғары сатыға жетілдіру жолдарын ойластырып, пән мұғалімдеріне көмек беріп, бөліседі. Бұл көмек көрсету жоғары нәтижеге әкеледі.

№39 ЖОМ базасында ұйымдастырылған 11 сыныпта жұмыс істейтін пән  мұғалімдеріне арналған семинар – жиналысы:«ҰБТ-2015 сапалы дайындығын ұйымдастыру.  Туындайтын мәселелер және шешу жолдары» атты семинарда ҰБТ дайындық кезіндегі қиындықтары туралы және бұл жұмысты жақсартудың амалдарын табу бойынша сұрақтар талқыланды. Бұл іс шараға 550 мұғалім мен 18 психолог қатысты.

 

      Әдістемелік қызметіндегібұл жаңа тәсілдер мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуіне және жоғары сатыға жетілдіруіне көмектеседі.Форумдарда өз педагогикалық тәжірибелерімен алмасуға, бөлісуге, әртүрлі кәсіби конкурстарға, сайыстарға  қатысуға ықпал жасайды

     Бүгінгі күні инновациялық ойлау, жаңа технологиялар мен идеялар, тәсілдер-мұғалімнің алдындағы керемет болашағының кепілі. Бұл жаңашыл мұғалім, зерттеуші.

Қонақтарымыз қалалық білім беру бөліміне, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге алған мәліметтер үшін өз ризашылықтарын айтып, өз жұмыстарында Павлодар қаласының әдістемелік кабинетінің тәжірибесін қолданысқа алу туралы өтініштерін білдірді.

.

 

Ш.С. Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі