Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қаржы қызметкерлерін құттықтау
14-11-2014 11:55
Қаржы қызметкерлерін құттықтау

          Қазақстанда 15 қараша күні Қаржы қызметкерлерінің күні мен Ұлттық валюта-теңгенің 20 жылдығы . Осыған орай қалалық білім беру бөлімінде Қаржы қызметкерлері күні мерекесі аталып өтті.

Білім беру бөлімінің басшысы З.Қ. Мұқашева білім беру мекемелеріндегі бухгалтерлерге  құттықтау сөзімен  ықылас білдірді. Қаржы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға отбасылық   бақыт, шығармашылық табыс және сәттілік тіледі.

Білім беру бөлімінің басшысымен білім беру бөлімінің және қала мектептерінің  бухгалтерлеріне  Иманалиева Г.В., Кутовая Г.А., Усольцева Н.В., Усманова В.А, Островская З.В., Құсаиынова К.М., Аленова М.К., Темірова  Е.М.  «Білім беру жүйесіне үлес қосқаны үшін»  мүсіншелер табыс етілді.

        Білім беру бөлімі басшысының орынбасары Шехислам Ж., жоғары кәсібилігі мен шығармашылық ізденістері үшін №№ 1,2,6,7,9,11,12,14,15,18,21,25, 26,27,34,35,38,КОМ мектептеріндегі,   №№3,6,9,10,11,12,16,39,42,51,82,86,93,96,104,111,112,116,122 бала бақшаларындағы,  №1 БКМ, №1БММ, БТМ, КОМ БММ мектепке дейінгі мекемелеріндегі бухгалтерлерін құрмет грамоталарымен марапаттады.

Қаржы қызметкерлері күніне арнап қала мектептерінің ән- күй пәні мұғалімдері  ұйымдастырылған мереке ойдағыдай өтті.

               Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нурахметова