Жас әдіскер мектебі
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі мекемелер секторымен 2014 жылғы 22 желтоқсанда «Мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық кадрлардың аттестациядан өткізу жұмысының негізгі аспектілері» тақырыбында жас әдіскер мектебі ұйымдастырылды.
Жас әдіскер мектебінің жұмыс барысында аттестацияның негізгі мақсаты -педагогикалық кадрлар мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары қарастырылды.
Жас маманның назарына педагогикалық кадрлардың аттестациядан өткізу талаптары бойынша маңызды сұрақтар мен жауаптар ұсынылды.