ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Директордың жас орынбасарлары мектебі
27-11-2015 11:42
Директордың жас орынбасарлары мектебі

Жыл сайын мектептерде бірінші сынып оқушылары, жаңа мұғалімдер және тағы басқа жұмысшылармен толығады.

Мектеп ұжымы ұлғайған сайын, жаңа орынбасарлар да тағайындалады. Орынбасарларды бірінші сынып оқушыларымен не болмаса жаңа келген жас мамандармен салыстыруға болмайды. Олар көшбасшы, тәжірибесі мол, өз ісінің шебері.

Ең бастапқы кезде көптеген қиыншылықтар туындайды. Осы уақытта мектеп директорының орынбасарына басқару түсініктерін меңгеру әлі алда, әкімшілік басқаруды жетік білу керек. Ең маңыздысы бастапқы қадам.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті мектептің жас директорларының кәсіби өсу мақсатында әдістемелік басқару бойынша жоспарлы жұмыстар өткізеді.

Сондықтан жас директорлар мектептің алдында тұрған міндеттермен: мектептің директор қызметі мен басқару жүйесі, педкадрлармен жұмыс істеу, экономикалық және құқықтық оқыту, мектеп жұмысының мазмұнына жаңашылдық енгізу, оқу-әдістемелік мәселелерді шешу жолдары және т.б.

Директордың жас орынбасарлар мектебінің жетекшісі Ш.С. Нұрахметова жұмыс тобын құрастырып, директордың жас орынбасарларының отырыстарында оқу-әдістемелік банкпен қамтамасыз етуге, әдістемелік кітаптардың аннотациялық каталогін құрастыруға көмек көрсетті.

Барлық қатысушылар кәсіби тұлғалы өсудің қажеттілігін түсініп, туындаған мәселелер талқылауға және ақпараттық, тәжірибелік көмек пен қолдаудың маңыздылығын түсінеді.

Директордың жас орынбасарлар мектебінің кезекті отырысы өтті.

Бұл отырыстың тақырыбы қаржы-құқықтық жалпылама оқу.

Жас орынбасарлар бюджетті жоспарлау, мектептегі жөндеу жұмыстарының сметасын құрастыруға, заттық құндылықтардың және жабдықтың игеруін есептен шығару, бюджетті игеру, білім жүйесіндегі адамдарға еңбекақыны төлеу жүйесі бойынша кеңес алды.

Осы сұрақтар бойынша кеңесті аймақтық орталықтың мемлекеттік қызметкерлердің оқытушысы, қаржыны бақылау инспекциясының бас маманы З.А. Резванова өткізді.

Қатысушылар өздерінің шексіз ризашылықтарын білдіріп, келесі отырыста мемлекеттік сатып алу жөнінде өткізуді өтінді.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

Нурахметова Ш.С