«Жұлдыздар бізге жарқырайды» жас астрономдар слетінің қорытындысы бойынша презентация сайысынан Павлодар қаласы № 40 ЖОМ оқушысы Яков Теребецкий І орын иеленді. Суретті презентация сайысында ІІІ орынды № 43 ЖОМ оқушысы Шоқанова Менсұлу, № 34 ЖОМ оқушысы Путницев Иван, № 29 ЖОМ оқушысы Сапар Ерасыл, № 2 ЖОМ оқушысы Қаратай Диас, № 28 ЖОМ оқушысы Смирнов Владислав иеленді. № 17 ЖОМ оқушылары Пацюк Анастасия, Пацюк Виктория, № 14 ЖОМ оқушылары Усенова Камила, Мауль Дарья, № 39 ЖОМ оқушысы Бейсекенова Малика сертификаттарды алды.
Слетте Яков: «Күн-жер байланысы» атты тақырыпта шықты, ол 3 сыныптан бастап астрономия және физикамен әуестенеді. 2014 жылы Павлодар қаласы экологиялық мектебінде «Қазақстанның табиғат ғажайыптары» атты тақырыпты қорғап шығып, ІІІ орынды иеленді. Қазіргі таңда зымыран жасаумен айналысуда, оны Новосібір қаласындағы ғылыми жобалар сайысында таныстырмақ. Ақырғы 2 жыл ішінде қосымша білім беру педагогы Баубекова Гұлнар жетекшілігімен М. Катаев атындағы оқушылар Сарайының облыстық обсерваториясындағы үйірме сабақтарына қатысуда.
Слет М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 19 қаңтар күні өтті. Слет жұмысына Павлодар, Шарбақты, Баянауыл, Железин аудандарынан және Павлодар, Ақсу қалаларынан 38 делегат қатысты.
Конкурс жұмыстарын Қазақ астрономия қоғамының мүшелері, Павлодар қаласы мектептерінің физика және астрономия пәнінің жоғары санаттағы оқытушылары және М. Катаев атындағы оқушылар Сарайының қосымша білім беру педагогтары бағалады.


