Қысқы демалыс уақытында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының 16 бөлімшесінде Павлодар қаласының орта білім беру мектептерінің оқушыларының қызығушылықтарына қарай іс-шаралар ұйымдастырылуда.
«Тай жауынгері» үйірмесінің тәрбиеленушілері, педагогі Ж. С. Ракишев, «Круиз» үйірмесінің тәрбиеленушілері, педагогі Г. Т. Нуртазинова «Бірлік» клубы № 13 ЖОМ 2-сынып оқушылары және олардың ұстаздары Е. Н. Гарусова бірігіп «Қысқы ойындар» спорттық эстафетасына қатысты. Шапшаңдық, икемділік, дәлділік және топтарды ұжымдасып қолдау - осы қасиеттерді сайысқа қатысқан сайыскерлер «Қармен атысу», «Қысқы футбол», «Кім ұзағырақ сырғанайды», «Шеңберденшығару» сайыстарында көрсетулері тиіс болды.
«Марафон» спорт клубында 50-ден астам кішкентай балалар «Көңілді старттар» кішігірім-жарысына қатысып, жаңа жылдық нәрселер - пима, жаңа жылдық бас киімді пайдаланып эстафеталарда тәтті сыйлықтарға ие болды. Клубтың жыл сайынғы дәстүрі бойынша тәрбиеленушілер жаттықтырушыларымен бірге «Зеленая роща» демалыс орнына барып шаңғы теуіп, баллондарда сырғанап көңіл көтерді. Ересек және кіші жастағы балалар іс-шараларға шын көңілдерімен қатысады.
«Рақым» клубының қосымша білім беру мұғалімдері А. С. Такибаева, Ж. Е. Жергасинова «Әуенді тап», туған күн иесі сайысын ұйымдастырды. Клуб тәрбиеленушілері өздерінің заманауи әндерді қаншалықты білетіндіктерін көрсетіп, тәтті торт пен дәмді астан ауыз тиді.
«Болашақ» БЖК «Тонатын уақыт емес, билейтін уақыт» деген би марафонын ұйымдастырды. № 16, 28, 35 ЖОМ оқушылары ойын түрінде бидің бірнеше бағыттарын үйренді. Клуб дәстүрі бойынша жоғары сынып оқушыларымен «Ертегідей қыс» бағдарламасы шеңберінде Аяз Ата мен Ақшақар, Әтештің қатысуымен суырып салып шығарылған ертегі, Жаңа жылдық дискотека ұйымдастырды.
«Жас Канат» клубының ауласында «Қысқы көңіл көтеру» атты жалпылама ойындар ұйымдастырылды. Ойын басталмас бұрын музыканың сүйемелдеуімен «Көңілді жаттығу» жасалды, содан кейін «Мысықтар мен тышқандар», «Үшініші артық», «Шынжырлар», «Бояулар» атты ойындар ойнатылып, жаңа жылдық әндер шеңбер құрылып айтылды.
Барлық балалар серігіп, көтеріңкі қысқы көңіл күйде болып, көңілді болды, балалардың жалыны мен шат күлкісі болды.