Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сүйем сені, менің Қазақстаным
28-12-2016 06:17
Сүйем сені, менің Қазақстаным
Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары Достық үйінде өткен «Сүйем сені, менің Қазақстаным» атты әдеби-музыкалық кешке қатысты. Мерекелік концерт Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Менің Отаным - өлең жолдарында» конкурсын қорытындылауға арналған болатын. Облыстық «Звезда Прииртышья» газеті басты ұйымдастырушы болып табылады.

Кешке барлық облыстан жиналған балалар өз қуаныштарымен бөлісті. Музыка мектебі оқушыларының өнер көрсетуі жеңімпаздар мен көрермендерге музыкалық сыйлық болды: домбырашылардың триосы, педагог К. М. Ермекбаев, «Musicboys» вокал триосы - Новосельцев Роман, Келден Әлихан және Ляхов Артем, педагог С. А. Бахмат, Усина Нұрай, Рудик Яна, педагог К. В. Миронец. Балалардың ғажап өнер көрсетуі, жарқын костюмдері нағыз мерекенің көңіл-күйін сыйлады.