Сүйем сені, менің Қазақстаным
Кешке барлық облыстан жиналған балалар өз қуаныштарымен бөлісті. Музыка мектебі оқушыларының өнер көрсетуі жеңімпаздар мен көрермендерге музыкалық сыйлық болды: домбырашылардың триосы, педагог К. М. Ермекбаев, «Musicboys» вокал триосы - Новосельцев Роман, Келден Әлихан және Ляхов Артем, педагог С. А. Бахмат, Усина Нұрай, Рудик Яна, педагог К. В. Миронец. Балалардың ғажап өнер көрсетуі, жарқын костюмдері нағыз мерекенің көңіл-күйін сыйлады.


