ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәсіптік шеберлікті көтеру
23-12-2016 03:26
Кәсіптік шеберлікті көтеру

№ 42 ЖОМ-да Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жас директор мектебінің кезекті отырысында мектеп қызметінің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында нәтижелілігін бағалаудағы жүйелі мониторингі ұсынылды.

Мектеп директоры Ирина Жакенқызы Тургульдинова мектеп қызметінің нәтижесін қадағалау бойынша мастер-класс өткізді. Мектеп соңғы екі жылда критериалдық бағалау мен дескрипторларды енгізу мен апробциялаубойынша «Тиімді мектеп»клубының облыстық сынама мектебі болып табылады. Мектепті дамыту бағдарламасы «Дамытудағы ең үздік бағдарлама» атты облыстық сайыста, «Білім берудегі көшбасшы» қалалық сайыста тыңдалып, бағаланды. Жасалған жұмыс тәжірибесі облыс пен қала мектептерінде аттестациядан өту кезінде қолданылып, мектеп басшыларына арналған облыстық тамыз педагогикалық оқуларда кеңінен таралады.

Мастер-класстың қатысушылары мониторинг материалын, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық анализ жасау мен сабақтарға қатысу бойынша бақылау мен қадағалау кестесін, критериалды бағалауды қолдана отыра педагогикалық ұжым қызметінің мониторингін ұйымдастыру циклограммасының электрондық жиынтығын ала алды.

№ 17 ЖОМ директоры Айгүл Қайыртасқызы Маликова білім беру ұйымдарының қызмет көрсету сапасын бағалау үшін дескрипторлар мен критерийлерді қолдану мәселесі бойынша жас әріптестеріне сауалнама жүргізіп, сауалнама нәтижесінің талдауын жасап, топтар бойынша swot-талдау жасады.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Шолпан Сәменқызы Нұрахметова «Білім беру мекемелерінің басшысы инновациялық басқару жағдайында кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін меңгеру керек, өз алдына кәсіби қызметінің тапсырмаларын қойып, оларды өзінің жеке көзқарасы мен қарым-қатынасы арқылы шеше алу негізінде, отандық және шетелдік білім беру ұйымдарының озық тәжірибесі мен менеджменттің заманауи жетістіктері жатыр», - деп атап көрсетті.