«Менің Президентім» шығармалар сайысының қорытындысы
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары арасындағы шығармалар сайысының қорытындысы шығарылды.
№ 16, 17, 20, 29, 41 ЖОМ-ның 2 - 9 сынып оқушыларының жұмыстарынан 9 шығарма финалға өтті. № 17 ЖОМ 2-сынып оқушысы Алиясова Сафина, № 29 ЖОМ 7-сынып оқушысы Капустянская Арина, № 20 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Аукеева Сауленің шығармалары үздік болып саналды.
Жүлдегерлерімізге 2016 жылдың 28 қарашасы күні Павлодар қаласының әкімі Н. К. Әшімбетов құнды сыйлықтар мен грамоталар табыстады.