5 - 6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиадада Павлодар қаласынан 10 оқушы қатысты, оның ішінде № 39 ЖОМ - 4 оқушы, № 9 ЖОМ - 2, № 37 ЖОМ - 2, № 22 ЖОМ - 1, Кенжекөл мектебінен - 1 оқушы.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды № 9 ЖОМ 6-сынып оқушысы Гончаров Матвей, № 39 ЖОМ 6-сынып оқушылары Калиев Чингиз, Жежера Михаил, ІІІ орынды № 37 ЖОМ 5-сынып оқушылары Әубәкір Нұрасыл, Канапин Асылбек, № 9 ЖОМ 5-сынып оқушысы Троян Леонид, №39 ЖОМ 5-сынып оқушысы Сабиров Анатолий.
Олимпиадаға қатысушылар математика мен жаратылыстанудан сауаттылықтарын тексеру мақсатында кешенді тапсырмалар орындады. Оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми дағдыларын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар дайындалды. Әр бағыттағы тапсырмалардың мәтіндерінің мазмұны түрлі сұрақтарды қамтыды, сондықтан балалардың әр пән бойынша білімдерін ұштастыруды талап етті. Мұндай тапсырмалар олимпиаданың талаптарына сәйкес оқушылардың өздігінен жұмыс істеулерін, жан-жақты ізденістерін, сынтұрғыдан ойлауларын және мәтінмен жұмыс жасауларын қалыптастырады.
Облыстық кешенді олимпиада 2016 жылдың 24 қарашасы күні Павлодар қаласы облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында өткізілді.