Павлодар қаласының № 1 Балалар көркемсурет мектеп оқушыларының Чехияда өтетін «Лидице» халықаралық балалар шығармашылығының байқауына қатысуы дәстүрге айналды. Соңғы 3 жыл ішінде бұл байқау мектептің 150 жас суретшілерін қызықтырып үлгерді. 2016 жылы 4 пен 16 жас аралығындағы оқушылар «Мектеп. Білім» тақырыбында 26 сурет салды. Біреулері өздерінің сыныптарын бейнелесе, біреулері - өз ұстазын, бірақ әрқайсысы өз ойларын, көзқарастарын көрсетуге тырысты. Суреттер түрлі техникаларда орындалған: гуашь, акварель, фломастерлер, сиялы графика.
Байқау қорытындыларына келсек, 11 жасар «Оқу оңай емес» атты суреттің авторы, Артем Маринец, байқаудың жоғары марапаты - «Ең үздік сурет» медаліне ие болды, ал 10 жасар Мұхаммад Құсайын «Бақылау жұмысы» атты суретінің авторы, «Қорытынды көрме қатысушы» дипломымен марапатталды, жетекшісі Наталья Ивановна Шахова. Мектеп директоры Ляйля Мұқарамқызы Мағзамова: «Байқауға 77 мемлекеттен 20000-ға жуық жұмыс жіберілгенін ескерсек, біздің балаларымыздың марапаттарының зор екенін көре аламыз», - деп айқындайды.
Артем мен Мұхаммад сурет салу мен мүсіндеумен әуестенеді, ал Артем, соған қоса, спортпен шұғылданады.


