ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық педагогикалық тәжірибенің сараптамасы
02-11-2016 04:24
Инновациялық педагогикалық тәжірибенің сараптамасы

Шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімінде қала мектеп мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін жалпыламау бойынша іріктеу туры өтті. ИПТ лабороториялық қызметі педагогтердің үздіксіз білімін жетілдіру жүйесін, іс-тәжірибелік қызметтерінде педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін жаңа сатыға итермелейді.

Инновацияляқ педагогикалық тәжірибемен 83 мұғалім қалалық деңгейде, 26 мұғалім облыстық деңгейде бөлісуге сұраныс берді. Сараптама комиссия мүшелері ұсынылған жұмысты қарастырып, солардың ішінде 58 жұмысты қалалық деңгейде, 24 жұмысты облыс деңгейде қорғауға ұсынды. Қала мектептерінің мұғалімдері өз тәжірибелерін жазудағы алгоритмі, зерттеу мониторингі, нәтижелігі бойынша ұсыныстар алды. Ұсынылған жұмыстардың бір бөлігі тақырып бойынша жұмысты жалғастырып, толықтыруды қажет етеді. Жыл сайын инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таратуға ұсынған мұғалімдердің саны артып келеді. Белсенді түрде қатысатын мұғалімдер-бастауыш сынып мұғалімдері. 24 мұғалімнің тәжірибесі қала көлемінде таратылып 3 қарашада дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мектебінде өтетін облыстық «Педагогикалық бастамалар» сайысының қорғау кезеңіне ұсынылды.

Келесі кезең - педагогикалық тәжірибенің сараптамасы ЖОО ғалымдарымен қаралады. Қорытынды кезең - алқалы тыңдалым формасындағы инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғау кезеңі 2017 жылдың қаңтар айында ИнЕУ базасында өткізіледі.

Инновациялық тәжірибенінің алқалы тыңдалымы 9 секция бойынша келесі бағыттарда жұмыс істейді: физико-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, бастауыш білім беру. Сараптама комиссия мүшелері құрамына ЖОО ғалымдары, білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері, білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп жетекшілері, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер кіреді.

Жұмыс қорытындысы бойынша бұл тәжірибелер жинақталып қалалық білім беру бөлімінің «Педагогикалық тәжірибе - 2017» банкісіне енгізіледі.