Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Журналмен ынтымақтастықта
13-10-2016 10:10

Павлодар қаласының № 6 сәбилер бақшасының әдіскері Жанаргуль Нұрланқызы Жумагожина тұрақты оқырман әрі автор ретінде материалдарды жариялауда белсене қатысқаны үшін «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журнал редакциясының алғыс хатымен марапатталды.

Педагог журнал беттерінде сәбилер бақшасының оқыту-әдістемелік, тәрбие жұмыстарымен бөлісуде. Кезекті «Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі-болашақ кепілі» макаласында мектепке дейінгі үлгілік бағдарламаны апробациялау бойынша мәлімет берген. Қазақ тілінде оқытып тәрбие беретін осы ұжым Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік бағдарламасын апробациялау экспериментіне қатысқан 77 балабақша қатарында болды.

«Үлгілік бағдарлама «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінде ұсынылған және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сонымен қатар Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Бұл бағдарламаның ерекшелігі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген қолайлы әлеуметтендіру мен шешуші құзіреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік беретін ерте жастағы балаларды туғаннан бастап мектепке дейінгі ересек жасқа дейінгі (мектепалды даярлық) кешенді дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Ерте жастағы балалардың бұл қабілеттерін дамыту одан әрі мектепте оқығанда қажет болатын құзіреттіліктер жүйесін қалыптастыруға негіз болады», - дейді сәбилер бақшасының басшысы Лазат Мырзабайқызы Қожабаева.