Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық конкурстың ең үздік психологтары
12-10-2016 09:09

«Жылдың ең үздік психологы» облыстық конкурс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінің психологы Екатерина Александровна Щербинина II-орын иегері, № 14 ЖОМ псигологы Светлана Васильевна Гессе, № 29 ЖОМ психологы Динара Ертаевна Мукушева ІІІ-орын иегерлері атанды. «Психолог және Мен» номинациясы бойынша Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінің психологы Екатерина Александровна Щербинина марапатталды.

«Жылдың ең үздік психологы» атты республикалық конкурстың облыстық кезеңі 2016 жылдың 6 қазанында дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 мектеп-лицейінде өтті. Іріктеу туры бойынша облыстық кезеңге 36 психолог өтті, оның ішінде 5 психолог Павлодар қаласынан. Облыстық кезеңдегі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған жүлдегерлер 2016 жылдың қараша айында Қостанай қаласында болатын республикалық конкурста облысымыздың атынан қатысатын болады.

Қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінде барлығынығ жоғарғы білімі бар 70 педагог-психолог жұмыс жасайды. Олардың ішінде жоғарғы санатты - 18 (25,7%) адам, бірінші санатты - 16 (22,9%) адам, екінші санатты - 18 (25,7%) адам. 70 психологтың 18-де 20 жылдан астам өтілі бар: М. В. Манякова (№ 6 ЖОМ), Л. И. Королева (№ 11 ЖОМ), И. В. Косыгина (№ 4 ЖОМ), С. В. Гессе (№ 14 ЖОМ), И. И. Иовенко (№ 26 ЖОМ), А. В. Полозюкова (№ 28 ЖОМ), О. В. Стулова (№ 29 ЖОМ), В. А. Улькина (№ 36 ЖОМ), О. М. Кобец («Стикс» ЖОМ). Соңғы 3 жылда жоғарғы оқу орындарының түлектерінен 18 психолог келді.