Павлодар қаласында дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі жұмысын бастады. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімі.
Жәрмеңкені ұйымдастыру мақсаты ол ата-аналарға неғұрлым арзан мектеп заттары мен киім-кешектерін сатып алуға жағдай жасау болып табылады.
Ата-аналардың бос болмауын ескере отыра балаларды мектептен тыс мекемелердегі үйірмелер мен секцияларға жазып қою тәжірибесі алғашқы рет енгізіліп отыр. Әрбір қатысушы аула клубтарының, музыкалық және көркем-сурет мектептерінің, балалар техникалық мектебінің жұмысы жайлы ақпарат алу мүмкіндігі болды, өз құрбылары жұмыстарының көрмесімен таныса алды.
Тәрбиелеу және кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау мәселесі бойынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ІІБ жұмыскерлерінің кеңес беру пунктілерінің жұмысы жаңартылды.
Сатып алушылардың көңілдерін ескеретін болсақ жәрмеңкенің басты мақсаты – мектеп тауарларын сатып алу мүмкіндігі – қазіргі таңда айтарлықтай оң (жақсы) шешілді.
Жәрмеңке өз жұмысын тамыз айының 28-не дейін жалғастырады.
[caption id="attachment_8069" align="aligncenter" width="1024"] На школьной ярмарке[/caption]