ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас директор орынбасары мектебі
19-05-2016 06:34
Жас директор орынбасары мектебі
«Адам шыңайы дами алмайды, егер де басқа адамдардың дамуына көмектеспесе...»

Диккенс Ч.

Бүгін бізді әдіскерлерді қызықтыратын тақырып ол қала мектептерінің әдістемелік қызметінің жетілдіруі.

Білім дамуының басты міндеті экономикалық талаптарға сай, технологияның жаңғыруын ескере отырып, мұғалімдердің функционалды сауаттылығын білімнің инновациялық тәсілдерімен қамтамасыз ету.

Осы мәселенің шешімі ол қалалық және мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде бірлесе жұмыс істеуі болып табылады.

Қалалық әдістемелік бөлімі әдістемелік бағдарламалардың жетілуі және ұстаздардың кәсіби шығармашылығының өсуіне себеп болатын құрылым. Бұл ұйымның мақсаты өскелең ұрпаққа заманауи және сапалы білім беру.

№ 34 мектеп базасында жас директор орынбасарының мектебі қызмет етеді. Бұл топқа барлық қала мектептерінің директордың жас орынбасарлары қатысады.

Осы мектепте кезекті жас директор орынбасарларының отырысы өткізілді. Бұл топтың модераторлары № 34 мектептің директор орынбасарлары Татьяна Алексеевна Савченко, Наталья Петровна Шавенкова болды. Бұл мектептің әдістемелік шығармашылық тобы жыл сайын қалалық «Ең үздік әдістемелік бірлестік» атты сайыстың жеңімпазы атанады.

Бұл отырыста мектепішілік әдістемелік бірлестіктерінің ұйымдастыру және жоспарлау жұмысын, нормативті құжаттар, портфолио құруды қарастырды. Сонымен қатар келесі сұрақтар бойынша тәжірибемен бөлісу, алмасу ұйымдастырылды: мектепішілік ӘБ жұмысының қызметі, сабақ жоспарын жоспарлау, 10 дескриптор бойынша ашық сабақ көрсету, талдау жасау.

Жас директор орынбасары мектебінің қорытынды отырысында мектеп қызметі жұмысының талдауы, шешілмеген мәселелерді анықтау, келесі оқу жылына жылдық жоспар құрастыру бойынша практикум өткізілді және оқу жылының аяқталуы бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді.

Павлодар қаласының жас директор орынбасарлары алған білімдерін практикада қолдануға толық кеңес пен ұсыныстар алды.

Бұл отырыстар жас директор орынбасарларына күнделікті жұмыстарына көмек көрсету мақсатымен жүйелі түрде айына бір рет өткізіледі. Ай бойы виртуалды он – лайн қабылдау мен сұраныс бойынша электронды дайджест жұмыс атқарады.

Бұл ЖДОМ жұмысына №№4, 7, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 25, 28, 29, 30, 31, 33, 35, 39, 42, 43, ЖСОШ, УВК-42 мектептерінің директор орынбасарлары белсенді түрде қатысты.

Сіздерге сәттілік пен табыс тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова,

әдістемелік кабинет меңгерушісі