ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«VІІ Абай оқулары» байқауының қорытындысы
04-05-2016 10:42
«VІІ Абай оқулары» байқауының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2015 -2016 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын» іске асыру мақсатында № 35 жалпы орта білім беру мектебінде қала оқушыларының арасында қазақ әдебиетінің бас ақыны – Абайдың мол мұрасын жас ұрпаққа терең меңгерту мақсатымен қалалық деңгейде дәстүрлі қалалық «VІІ Абай оқулары» өткізілді.

Қазақтың ұлы ойшыл ақыны - Абай Құнанбайұлы шығармашылығын бастауыш сынып оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізігі мақсаты болды.

Қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің ішінде қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: №№ 1, 2, 4, 6, 7, 9, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 21, 22, 24, 25, 28, 29, 30, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 43, КОМ, Жетекші, Стикс ( 35 мектептен 89 оқушы қатысты).

«VІІ Абай Құнанбайұлы» оқулары бойынша

«Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу аталымынан:

Бас жүлдеге №17 ЖОМ оқушысы Ғалымжан Айбек ие болды.

І орынды №33 ЖОМ оқушысы Теміржанова Мерей иеленді.

ІІ орын алғандар: №13 ЖОМ оқушысы Зиберт Елизавета, №35 ЖОМ оқушысы Әлкеев Даир.

ІІІ орын алғандар: №21 ЖОМ оқушысы Оқташ Дәрия, №29 ЖОМ оқушысы Саурбаева Көктем , №30 ЖОМ оқушысы Қабдуахит Айғаным.

«Білгенге маржан» аталымының иегерлері: №7 ЖОМ оқушысы Ошал Мадина, №16 ЖОМ оқушысы Леликов Игорь, Стикс мектебінің оқушысы Умиров Данияр.

«Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар шығармашылығы аталымынан:

Бас жүлдеге №38 ЖОМ оқушысы Тұрарова Ақбота ие болды.

І орынға №40 ЖОМ оқушысы Мұқашева Гүлзат иеленді.

ІІ орындарды Жетекші мектебінің оқушысы Сағли Тамерлан, Кенжекөл мектебінің оқушысы Сәрсенбай Нұршуақ алды.

ІІІ орынға №35 ЖОМ оқушысы Опкина Айым, №22 ЖОМ оқушысы Бекмұратова Әсел қол жеткізді.

«Жүзден жүйрік» аталымының иегері: №29 ЖОМ оқушысы Қизатов Мәди.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» әндер орындау аталымынан:

Бас жүлдеге №37 ЖОМ оқушысы Темірғалін Мақсат ие болды.

І орынды №21 ЖОМ оқушысы Сәрсенова Даяна иеленді.

ІІ орынды №29 ЖОМ оқушысы Бекмұрат Әділ, №25 ЖОМ оқушысы Ибраимов Жандаулет алды.

ІІІ орындарға №35 ЖОМ оқушысы Таскен Ілияс, №19 ЖОМ оқушысы Шарапиденов Аллажар, №12 ЖОМ оқушысы Нәжмиден Адина, №2 ЖОМ оқушысы Шәмет Алтынай қол жеткізді.

«Әнді сүйсең, менше сүй» аталымының иегерлері: Кенжекөл мектебінің оқушысы Тәліп Жансая, №4 ЖОМ оқушысы Утробин Данат.

Заманымыздың осындай дарынды балаларына қарап, қуанышымыз қойнымызға сыймай, осы ұрпақтарға келешекте де тек жеңiстердiң шыңдарынан көрiне берсiн, тұғырлы табыстарға жете берсін дегiмiз келедi.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.Нұрахметова,

білім беру бөлімінің әдіскері Н.Азанбаева