ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Ұстаздардың іс-әрекет ұйымдастыру ойындары-2016»
31-03-2016 12:32
«Ұстаздардың іс-әрекет ұйымдастыру ойындары-2016»
Әдістемелік кабинетінің мектеп мұғалімдерімен жұмыс барысындағы іскерлік бағыттарының бірі – орнықты кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешу болып табылады. Оқыту процесінің жобалау және бұл жобаны әрі қарай іске асыру, технология деңгейіне өту мұғалімге кәсіпқой болуға, жеке тұлғасын дамытып, білім берудің баламасын шығаруға жетелейді. Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдерінің 78% оқу-тәрбие процесіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізуде. Жоғары белсенділік және өзінің еңбегінің нәтижесі қызықтыратыны байқалады. Өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау үшін өздігінен білім алу тақырыбы бойынша тәжірибе жинақталып, авторлық бағдарламаларды, жобаларды жазып, қорғауға ұсынады. № 42 мектеп базасында кезекті іс-әрекет ұйымдастыру ойындары өткізілді. Бұл іс-шараға қала мектептерінен 360 педагог, оның ішінде 110 мемлекеттік тілде оқытылатын мектептердің ұстаздары қатысты. Іс-әрекет ұйымдастыру ойындарының қатысушыларының алдында әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова сөз сөйледі. Қатысушылар 18 ойын аланыңда ұжымдық оқыту, жобалау, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, дербес оқыту, толық меңгеру, педагогикалық шеберхана, АКТ, Step by step технологияларын оқып үйренді. Мектептердің тапсырысы бойынша барлық пәндерден құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құру және дамуы тежелген сыныптарда жұмыс істейтін ұстаздар үшін, деңгейлі бағдарлама бойынша курс өткен ұстаздар үшін жаңа ойын алаңдары ұйымдастырылды. Мектеп жаттықтырушы модераторлары: Л.П. Косова, Р.Е. Калиева (№41 ЖОМ), А.С.Байжұманова, Н.К. Антошина, А.Г.Кулибаба, Е.Н.Гайкова, О.В.Подгайная, Е.С.Никитина, Е.В.Загравская, Е.Н.Солдатова, Ж.А.Муталипова (№34 ЖОМ), И.Н.Садовая, Е.Н.Потарская, Е.Б.Нечвиенко,А.К.Долголевец (№43 ЖОМ ),Г.С. Жомартова (КОМ), Б.Т.Төлеухан (№5 ЖОМ ), А.Ш.Казимова (№ 24 ЖОМ), Ж.М. Муслимова, А.Ж. Бектасова ,Ф.А. Абауова , Б.Р.Есен (№25 ЖОМ ) ,Г.О. Омарова, Е.Е.Мельниченко, А.А.Мамжанова (№15 ЖОМ ),Н.А. Козлова, Е.В.Юрченко, А.К.Вассу , А.С. Шәріпова, К.С.Жомартова ( №4 ЖОМ), Ю.А. Безрукова, С.Б. Төлеубаева, А.А. Баймагамбетова ( №42 ЖОМ ), Ю.В. Плетюхина (№21 ЖОМ), К.Ф.Касимова, А.З.Ныгманова (ЖОМ №22 ), О.А.Никонорова (ЖОМ №13 ), И.А.Захарова, Е.А. Майлакова, Л.Д.Болехивская, Е.Ю. Ендураева ( №39 ЖОМ),Г.Х. Мурадымова ,К.С.Искакова ( №17 ЖОМ ),Б.К. Шарбақбаева (№35ЖОМ ) болды. Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді. Жаттықтырушы мектебінде қорытындысы ретінде жыл сайын сынақ жүйесі ұйымдастырылып, соның нәтижесінде тамыз педагогикалық оқуларында жаттықтырушыларға сертификаттар табысталады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова