ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұстаздардың іс-әрекет ұйымдастыру ойындары-2016»
12-01-2016 06:09
«Ұстаздардың іс-әрекет ұйымдастыру ойындары-2016»
Әдістемелік кабинетінің мектеп мұғалімдерімен іскерлік бағыттарының бірі – орнықты кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешу болып табылады. Оқыту процесінің жобалау және бұл жобаны әрі қарай іске асыру, технология деңгейіне өту мұғалімге кәсіпқой болуға, жеке тұлғасын дамытып, білім берудің баламасын шығарады және бағдарламаның авторы, яғни мұғалімнің шығармашылығының дамуына жаңа белестер ашылады. Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдері 78% оқу-тәрбие процесіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізіп келе жатыр. Жоғары белсенділік және өзінің еңбегінің нәтижесі қызықтыратыны байқалады. Өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау үшін өздігінен білім алу тақырыбы бойынша тәжірибе жинақталып,авторлық бағдарламаларды, жобаларды жазып, қорғауға ұсынылады. №42 мектеп базасында кезекті іс-әрекет ұйымдастыру ойындары өткізілді. Бұл іс-шараға қала мектептерінен 450 педагог, оның ішінде 150 мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің ұстаздары. Іс-әрекет ұйымдастыру ойындарының қатысушыларының алдында әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова, №42 ЖОМ директор орынбасары Б.М. Ақышева сөз сөйледі. №42 ЖОМ директор орынбасары Б.М. Ақышева мектеп директорының орынбасарларына арналған инновациялық алаңының аттестацияға дайындық пен өткізу барысындағы құрастырған білім беру мекемелерінің жұмыс сапасын бағалау жүйесіне жаңа тәсілдерімен таныстырды. Қатысушылар 18 ойын аланыңда ұжымдық оқыту, жобалау, модульдық, сын тұрғысынан ойлау, дербес оқыту, жеке тұлғаға бағытталған, толық меңгеру, педагогикалық шеберхана, АҚТ, Step by step технологияларды №42 мектептердің базаларында оқып үйренді. Мектептердің тапсырысы бойынша барлық пәндерден құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құру және дамуы тежелген сыныптарда жұмыс істейтін ұстаздар үшін, деңгейлі бағдарлама бойынша курс өткен ұстаздар үшін жаңа ойын алаңдары ұйымдастырылды. Жаттықтырушы мектебінің модераторлары болып келеді: КосоваЛ.П., Калиева Р.Е (№41 ЖОМ), Байжуманова А.С., Антошина Н.К., Кулибаба А.Г., Гайкова Е.Н., Климова А.В., Жунусова Н.К., Загравская Е.В., Солдатова Е.Н., Фольц В.В., Муталипова Ж.А.(№34 ЖОМ), Садовая И.Н., Потарская Е.Н., Нечвиенко Е.Б.,. Долголевец А.К (№43 ЖОМ), Кудайбергенова М.А., Кульжанов Г.К., Толеухан Б.Т.( №5 ЖОМ), Муслимова Ж.М., Бектасова А.Ж. , Абауова Ф.А., Есен Б.Р. (№25 ЖОМ) , Омарова Г.О. , Мельниченко Е.Е., Мамжанова А.А (№15 ЖОМ), Вассу А.К, Шарипова А.С.,Жомартова К.С. (№4 ЖОМ), Безрукова Ю.А. , Толеубаева С.Т. , Баймагамбетова А.А. (№42 ЖОМ), Плетюхина Ю.В.(№21 ЖОМ), Касимова К.Ф., Ныгманова А.З. (№22 ЖОМ), Никонорова О.А. (№13 ЖОМ), Майлакова Е.А., Болехивская Л.Д., Ендураева Е.Ю.(№39 ЖОМ), Мурадымова Г.Х.,Жазкей С., Искакова К.С. (№17 ЖОМ), Шарбакбаева Б.К.(№35 ЖОМ). Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді. Жаттықтырушы мектебінде қорытындысы ретінде жыл сайын сынақ жүйесі ұйымдастырылып соның нәтижесінде тамыз педагогикалық оқуларда жаттықтырушыларға сертификаттар табысталады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова