ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында өткізілген өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІ» байқауының қорытындысы
25-12-2015 03:49
«Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында өткізілген өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша  «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІ»   байқауының қорытындысы
2015 жылғы 11 желтоқсан күні елордамыз Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау іс-шаралары өтті. Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасында өткізілді. Бұл мерекеге республиканың әр өңірінде өткен сайыстардың жеңімпаздары шақырылды. Республика бойынша бұл жобаға 235071 бала қатысқан. 50 жеңімпаз Астана қаласына марапаттау рәсіміне шақырылды. Марапаттау «Шешендік өнер», «Кемеңгер», «Ынтымағы жарасқан туған өлкем», «Тіл мектебі» номинациялары бойынша өткізілді. Павлодар қаласындағы «Стикс» және № 24 ЖОМ оқушылары Ляхова Юлия (мұғалімі - М.С. Төлеубаева), Харчук Марина (мұғалімі – Р.Қ. Қасымқанова) «Шешендік өнер» номинациясы бойынша Дипломмен және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының құрылуы» атты жобасымен «Кемеңгер» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды. Мерекелік бағдарламада «Дөңгелек үстел» тақырыбы «Қазақстан— дала өркениетінің мұрагері», «Қазақстанның тіл саясаты саласындағы Қазақстан Ассамблеясының қызметі» тақырыбындағы республикалық семинар, «Әлем қадірлеген Елбасы» көрмесі, «Қазақстанда президенттік институтының қалыптасуы мен дамуы» интербелсенді көрмесі, «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» кітап көрмесі т.б. іс-шаралар өткізілді. Бұл көрмеге «Стикс» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.С.Төлеубаеваның жұмыстары қойылып, «Тіл мектебі» авторлық курстар бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді тиімді оқытуға арналған нәтижелі әдістемесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Аталым иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті ұстаздар, шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

Білім беру бөлімінің әдіскері

Н.Азанбаева