ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ ЖЫЛЫН АЯҚТАЙ ОТЫРЫП, ПАВЛОДАРДА «В СЛОВЕ МЫ СТО ТЫСЯЧ Я» НОМИНАЦИЯСЫНДА «МЕКТЕПТІҢ 12 СӘТІ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
8-желтоқсанда сағ. 14.00-де №42 жалпы білім беру мектебінде жиырмаға жуық мектепте (№6,9,12,13,16,17,18,19,26,28,29,33,34,38,39,41,42) оқитын барлық ұлтты таныстыру мақсатында «Мектептің 12 сәті» дәстүрлі қалалық фестивалінің «В слове Мы сто тысяч Я» атты жетінші кезеңі өтті. «В слове Мы сто тысяч Я» номинациясы №42 мектептің математика мұғалімі, барлық ғұмырын өсіп келе жатқан буынды тәрбиелеуге арнаған Фарида Хайруллақызы Сатпаеваға арналды. Фарида Хайруллақызы көп жыл бойы қала мектептерінің директор орынбасары болып жұмыс істеді. Фарида Хайруллақызы педагогикалық қызмет жылдары барысында ҚСРО Білім министрлігінің грамоталарымен, ҚР Білім министрлігі грамоталарымен марапатталды, «ҚР Білім беру үздігі» жоғары бағасына қол жеткізді. Аумақты мектеп фестивалі мамыр айында бастау алды. Мектеп өмірінің әр түрлі бағыты бойынша 12 байқау кезеңі «сәттен» тұратын, 12 кезеңді қамтитын, ұзақ уақытқа созылатын фестиваль жыл бойы өтеді (осы оқу жылы басталып,келесі жылы аяқталады). Фестиваль жаппай болып табылады – мұнда бірнеше мың оқушы, мыңнан аса мұғалім қатысады. Қалалық фестивальдің әрбір «сәті» өмірден өткен, қаламыздың білім беру бөлім жүйесін дамытуға маңызды үлес қосқан 12 еңбек сіңірген мұғалімнің есіміне арналады. Қалалық фестивальдің қорытындысы бойынша мынадай лауреаттар анықталды - №39,18,28,16,33,29,42,26,38,19 мектеп.
положение кабинет каз,рус