№ 17 ЖОББСОБМ базасында 19.11.2015 ж. облыстың ішкі істер департаментімен мәжіліс залында on-line режимінде ІІД басшылығы және Павлодар облысы діндер ісі басқармасы инспекторының қатысуымен интернет-конференция өткізілді. Конференция барысында оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен жасөспірімдер қылмысымен күрес, діни экстремизмнің алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету және балалардың құқығын қорғау, жолдағы қауіпсіздіктері, педагогтердің, ата-аналардың балалар мен жасөспірімдер құқықбұзушылығы үшін жауапкершілігі жөніндегі мәселелер талқыланды. Талқыланған мәлелелер бойынша сөз сөйлегендер: полиция подполковнигі Марат Темірболатұлы Дайкенов - Павлодар облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы; Бибігүл Төлешқызы Қамзина – ювеналды полиция бөлімінің, облыстың ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы басқармасы басшысы; Медет Бауыржанұлы Жағыпаров - Павлодар облысы діндер ісі басқармасы ККТжДО ақпараттық-түсіндірме жұмысы бойынша бөлім инспекторы. Бір жарым сағатта оқушылар мен ата-аналардан 10-нан аса сұрақ пен өтініш түсті, түскен сұрақтар мен өтініштерге жауаптар берілді.