ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Директор орынбасарларына арналған семинар-практикум
23-11-2015 03:25
Директор орынбасарларына арналған семинар-практикум
Қала мектептерінің әдістемелік қызметінің басты мақсаты оқу барысының жұмысын жетілдіру, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің деңгейін көтеру, олардың білгірлігі мен құзыреттілігі, сондай-ақ оқу-білім үдерісіне заманауи оқу технологияларды енгізу болып отыр. Бүгінде әр мектепті өз педагогикалық ұжымының іс-әрекетіне өзіндік баға беруге үйрету өте маңызды. Мектептің өзін-өзі бағалауы оқу бөлімдерінің қызметіне сәйкес жасалған соңғы пилот жобасының сараптамасы бойынша алты бағытта жүруі тиіс: оқушылардың оқу нәтижесі, мектепті басқару мен жетекшілік ету сапасы, мектептің ата-ана ұжымы мен жергілікті қоғамдастықпен орнатқан өзара қатынастың сапасы, оқушыларға жасаған қамқорлығы мен қолдауы, қор жағдайы. Зияткерлік мектептердің табысты жұмысының негізі - сауатты ұйымдастырылған мектепшілік бақылау болып табылады. Ол үшін жоғары басшылық жасалған деректер шолуын, шынайы мақсаттар мен жоспарланған іс-шаралар туралы есептерді, бақылау үрдісін қамтиды. Сабақ - мұғалім жұмысының негізгі функционалды бірлігі. Мұғалім әрбір өз сабағын талдау керек, өйткені бұл өз ісінің шеберіне қажетті қасиеттерді дамытуды қамтамасыз ету ол жоғары құзырлық, өзін-өзі басқару. Көптеген ғалымдар сапалы оқыту мұғалімнің бейнесімен тығыз байланысты деп есептейді. Сапалы оқыту - ішкі, сыртқы дүниесі дамыған, шығармашылық мұғалімдердің қолында. Мұғалімдік мамандықты кәсіп еткеннің барлығы дерлік шығармашыл болуы мүмкін емес шығар, себебі шығармашыл тұлға – сирек кездесетін құбылыс. Сондықтан да оқыту мен басқаруда шығармашылық деңгейді көтеру үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыру қажет. Осыған байланысты Павлодар қаласының білім бөлімі мектеп директорларының орынбасарларына «Білім сапасын бағалау» атты тақырыпта № 34 мектеп базасында семинар-практикум өткізген болатын. Яғни директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары білім беру мен тәрбие үдерісін ұйымдастырып, мақсат қойып қызығушылық оятушы, тың дүниелерді енгізіп талдаушы, жоспарлап бағдарлаушы, бақылап бағалау функцияларын жүзеге асырушы. Семинарға қазақ тілі, бастауыш сынып, жаратылыстану, физика- математикалық, қоғамдық – гуманитарлық бағыттарды бақылайтын директордың орынбасарлары белсенді қатысты. Қатысушылардың алдында әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ш.С.Нұрахметова, мектеп директоры Б.Қ. Айғожин, директордың орынбасары Т.А. Савченко сөз сөйледі. Семинар - практикумның қатысушылары 17 мұғалімнің ашық сабақтарына қатысты, содан соң 5 педагогикалық шеберлікте бағыт бойынша 10 сабақты талқылап мұғалімдердің сабақтарына баға беріліп, ұсыныстар айтылды. Инновациялық технологияны қолданып сабақ дайындап, өткізген мұғалімдер: Бедринец В. В., Бешкенова Ж. Т., Мендыбаев Ж. Г., Поляков И. О., Мемедлаева Г.С., Жумадилова С. Д., Климова А. В., Антошина Н. К., Кравченко О. И., Кравченко О. И., Никитина Е. С., Спирина Г.А., Склокина Л. И., Абикенова А. К., Бопышева А. А., Даулетханова А. А., Кибашева Б. С. Қатысқан сабақтарды қорыта келе, үлгілі, жақсы, ізденуді қажет ететін деген деңгейде сабақтарға баға берілді. № 17, 42 мектеп директорының тәжірибелі орынбасарлары Баринова О.Н., Акишева Б.М., семинар-практикумды талқылай келе, алғыс білдіріп, семинардың өзектілігін, дискриптор бойынша бағалауға көмек көрсету туралы айтты. Олар Павлодар облысының білім департаменті мен «Өрлеу» филиалының өкілдерін шақырып, сабақты бақылау - бағалау қызметі және сабақты дискрипторлар арқылы саралау бойынша осындай оқыту семинар- практикум өткізуге тілек білдірді. № 34 мектептің әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымына инновациялық тәсілдерді әріптестерімен тәжірибелерімен бөліскені үшін алғысымыз шексіз. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс, жаңа мақсатқа ізденіс, еңбектеріңіздің жемісін көруді және сәттілік тілеймін.

Ш.С Нұрахметова,

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі