Жас директор орынбасары мектебі
Диккенс Ч.
Бүгін бізді әдіскерлерді қызықтыратын тақырып ол қала мектептерінің әдістемелік қызметінің жетілдіруі. 2011-2020 жылдары білім дамуының басты міндеті экономикалық талаптарға сай, технологияның жаңғыруын ескере отырып, мұғалімдердің функционалды сауаттылығын білімнің инновациялық тәсілдерімен қамтамасыз ету. Осы мәселенің шешімі ол қалалық және мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде бірлесе жұмыс істеуі болып табылады. Қалалық әдістемелік бөлімі әдістемелік бағдарламалардың жетілуі және ұстаздардың кәсіби шығармашылығының өсуіне себеп болатын құрылым. Бұл ұйымның мақсаты өскелең ұрпаққа заманауи және сапалы білім беру. № 34 мектеп базасында жас директор орынбасарының мектебі қызмет етеді. Бұл топқа барлық қала мектептерінің директордың жас орынбасарлары қатысады. Осы мектепте жас директор орынбасарларының отырысы болды. Бұл топтың модераторы болып № 34 мектептің директор орынбасары Наталья Петровна Шавенкова сайланды. Бұл мектептің әдістемелік шығармашылық тобы жыл сайын қалалық «Ең үздік әдістемелік бірлестік» атты сайыстың жеңімпазы атанады. Бұл отырыста мектепшілік пән олимпиадасының жұмысы, мектепшілік әдістемелік бірлестіктерінің жұмыс жоспарларын, құжаттарды, портфолио құруды қарастырды. Павлодар қаласының жас директор орынбасарлары алған білімдерін практикада қолдануға толық кеңес пен ұсыныстар алды. Бұл отырыстар жас директор орынбасарларына күнделікті жұмыстарына көмек көрсету мақсатымен жүйелі түрде айына бір рет өткізіледі. Ай бойы виртуалды он – лайн қабылдау мен сұраныс бойынша электронды дайджест жұмыс атқарады. Бұл ЖДО жұмысына №№ 4, 9, 15, 17, 19, 22, 24 (2), 29, 33, 34, 39, 40, 41, 43, УВК-42 мектептерінің директор орынбасарлары белсенді түрде қатысты. Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына сәттілік пен табыс тілейміз!Ш.С.Нұрахметова,
әдістемелік кабинет меңгерушісі