Әдістемелік кабинетінің мектеп мұғалімдерімен іскерлік бағыттарының бірі – орнықты кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешу болып табылады. Оқыту процесінің жобалау және бұл жобаны әрі қарай іске асыру, технология деңгейіне өту мұғалімге кәсіпқой болуға, жеке тұлғасын дамытып, білім берудің баламасын шығарады және бағдарламаның авторы, яғни мұғалімнің шығармашылығының дамуына жаңа белестер ашылады. Әр мектептің оқу-тәрбие процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу бойынша жаттықтырушыларды дайындау үшін 3 жылдық іс-әрекет ұйымдастыру ойындары ұйымдастырылды. Теориялық материалды оқып білетін қатысушылар, тәжірибеде осы 18 технологияны іске асырып, демалыс кезінде меңгереді, мектеп қауымдастығында апробациялап, жинаған мектеп материалдарының сараптамасына қатысады. Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдері 78% оқу-тәрбие процесіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізіп келе жатыр. Жоғары белсенділік және өзінің еңбегінің нәтижесі қызықтыратыны байқалады. Өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау үшін өздігінен білім алу тақырыбы бойынша тәжірибе жинақталып,авторлық бағдарламаларды, жобаларды жазып, қорғауға ұсынылады. №16 мектеп базасында кезекті іс-әрекет ұйымдастыру ойындары өткізілді. Бұл іс-шараға қала мектептерінен 600 педагог, оның ішінде 200 мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің ұстаздары қатысты. Іс-әрекет ұйымдастыру ойындарының қатысушыларының алдында әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова, №34 ЖОМ директор орынбасары Т.А. Савченко сөз сөйледі. Қатысушылар 18 ойын аланыңда ұжымдық оқыту, жобалау, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, дербес оқыту, толық меңгеру, педагогикалық шеберхана, АКТ, Step by step технологияларын оқып үйренді. Мектептердің тапсырысы бойынша барлық пәндерден құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құру және дамуы тежелген сыныптарда жұмыс істейтін ұстаздар үшін, деңгейлі бағдарлама бойынша курс өткен ұстаздар үшін жаңа ойын алаңдары ұйымдастырылды. Мектеп жаттықтырушы модераторлары: Л.П. Косова, Р.Е. Калиева (№41 ЖОМ),А.С.Байжуманова,Н.К.Антошина, А.Г.Кулибаба, Е.Н.Гайкова, А.В.Климова, Н.К.Жунусова, Е.В.Загравская, Е.Н.Солдатова, В.В.Фольц, Ж.А.Муталипова (№34 ЖОМ), И.Н.Садовая, Е.Н.Потарская, Е.Б.Нечвиенко,А.К. Долголевец (№43 ЖОМ), М.А.Кудайбергенова, Г.К.Кульжанов, Б.Т. Толеухан( №5 ЖОМ), Ж.М.Муслимова, А.Ж. Бектасова, Ф.А.Абауова, Есен Б.Р. (№25 ЖОМ),Г.О.Омарова ,Е.Е.Мельниченко,А.А.Мамжанова (№15 ЖОМ), Н.А.Козлова, Е.В.Юрченко, А.К.Вассу, Шарипова А.С.,Жомартова К.С. (№4 ЖОМ), Ю.А. Безрукова,С.Т. Толеубаева ,А.А.Баймагамбетова (№42 ЖОМ), Г.Х.Мурадымова (№17 ЖОМ), С.И.Богоявленская, Ю.В.Плетюхина (№21 ЖОМ), К.Ф.Касимова,А.З. Ныгманова (№22 ЖОМ), О.А.Никонорова (№13 ЖОМ),Е.А. Майлакова, Л.Д.Болехивская (№39 ЖОМ),С.Жазкей,К.С.Искакова (№17 ЖОМ),Б.К.Шарбакбаева (№35 ЖОМ) болды. Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді. Жаттықтырушы мектебінде қорытындысы ретінде жыл сайын сынақ жүйесі ұйымдастырылып, соның нәтижесінде тамыз педагогикалық оқуларында жаттықтырушыларға сертификаттар табысталады.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Ш.С.Нұрахметова