Павлодар қаласының 17 мектебінде педагогикалық ұжымының қызметін өзіндік бағалау бойынша жобасы аяқталды. Ұжым қызметінің 6 бағыты бақылауға алынды: қор жағдайы, оқушыларға қамқорлық көрсету және қолдау, мектеп пен ата-аналар, әлеуметтік қоғам арасындағы өзара серіктестіктің сапасы, мұғалімдердің оқыту сапасы, мектеп басшылығы мен басқару сапасы, оқушылардың нәтижелілігі. Сараптаманы Павлодар облысы бойынша білім беру саласындағы бақылау департаменті басшысы Қаппасов О.К, «Өрлеу» ұлттық кәсібін көтеру орталығы»АҚ өкілі Рыжкова Л.В,Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сектор басшысы Казанцева Л.Н, қала мектептерінің директор орынбасарлары жүргізді. Дөңгелек үстел тәртібінде ұйымдастырылған қорытынды мәжілісіне халықаралық кеңесші Энди Ред, білім беру саласындағы бақылау бойынша комитетінің аймақтық ұйымдар қызметін үйлестіру басқармасының бас эксперті,Павлодар облысының кураторы Шаканова А.Н. қатысты. Комиссия мектептің білім беру және тәрбие жұмысына жоғары баға берді. Инспекция сараптама нәтижесімен педагогикалық ұжымды, ата-аналар өкілдерін, оқушылар өзін-өзі басқару белсенділерін таныстырды. Мектеп директоры А.Қ.Мәлікова сараптамалық топ ұсыныстарын іске асыру бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды. Педкеңеске қатысқан халықаралық кеңесші Энди Ред қорытынды сөзінде: « Мені бұл мектептің ұстаздар, ата-аналар, оқушылардың бірлестігі, серіктестік рухы таң қалдырды!»-деді. Педагогикалық ұжымы сараптаманы жүргізген командаға өзара түсініктестік және кәсіпкерлік көрсеткені үшін алғыс білдіреді.