ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ең үздік олимпиадалық команда
20-01-2017 12:36
15 жалпы білім беру пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткен 55 облыстық пән олимпиадасы қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2017» номинациясын Павлодар қаласының құрама командасы иеленді. Олимпиадада қаланың 16 мектебінен 59 оқушы қатысты. Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша 34 оқушы Павлодар қаласының 13 жалпы орта білім беру мектептерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны бойынша ең көп олимпиадалық командалар: № 37 ЖОМ (6 жүлделі орын), № 39 ЖОМ (7 жүлделі орын), Стикс (5 жүлделі орын). № 34 ЖОМ 3 орын, № 22, 33, 35, 36 ЖОМ 2 жүлделі орын. Жеңімпаздар атағын неміс тілі пәні бойынша Кан Полина, Стикс мектебінің 11- сынып оқушысы және француз тілі бойынша Джафарова Айлина, 9 - сынып оқушысы, құқық негіздері бойынша Кендиров Аслан, № 33 ЖОМ 9 - сынып оқушысы, орыс тілі бойынша Тілектесова Әсия, №35 ЖОМ 11 - сынып оқушысы, Қазақстан тарихы бойынша Айдарханов Айдар, № 37 ЖОМ 9 - сынып оқушысы иеленді.