ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңі
20-01-2017 12:22
2016 жылдың қарашасында Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Павлодар педагогикалық мемлекеттік институты базасында оқушылардың ғылыми жобалар сайысында 32 қала мектептерінен 172 оқушы қатысып, әділқазылар алқасының алдына 148 жоба тартылды. Ғылыми жобалар 13 секцияда қорғалды: биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және даманың денсаулығы, математика, қосымша математика, информатика, экономика, физика, тарих, құқық негіздері, өлкетану, әдебиет, этномәдениет, тіл білімі. Секциялар жұмысы өте мазмұнды және қызықты өтті. Сайыскерлер өздерінің ғылыми еңбектерін өкілетті әділқазылардың алдында қорғады, әділқазылар құрамында ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері болды, сайыстың жабылуында жұмыстардың қорытындысы жасалды. Ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңіне әділқазылар алқасының шешімімен 75 жұмыс жіберілді. Сайыстың қалалық кезеңінде көп зерттеу жұмыстары қорғалып, жақсы нәтиже көрсеткен № 37 ЖОМ (11 жұмыс), №20 мектеп – лицейі (9 жұмыс), №25 ЖОМ (7 жұмыс), № 16 лицей-мектебі(6 жұмыс). Әділқазылар алқасы ғылыми зерттеу жұмыстарында ерекше қабілеттері үшін 64 оқушыны келесі «Жас ғалым», «Еңбек етсең емерсің», «Кемел білім», «ХХІ ғасыр жобасы», «Батыл қадам», «Білгенге маржан», «Алғашқы қадам», «Нағыз зерттеуші» аталымдары бойынша марапаттады.