ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАЛАЛЫҚ "МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ" ОҚУЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13-05-2015 13:21
ҚАЛАЛЫҚ

Қалалық Мұқағали Мақатаев оқуларының қорытындысы

Жыл сайын қазан айында біздің мектепте айырықша қуанышты күн болады. Ол – ұлтымыздың мақтанышы, қазіргі қазақ поэзиясының алыбы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған қалалық байқауы. Биылғы жылы № 2 мектеп қабырғасында «VІ Мұқағали Мақатаев оқулары» өтті. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түсуде. Байқауға он тоғыз қала мектептерінен жиырма үш оқушы қатысты. Байқауда сөз өнерінің жүйріктері, сөз майталмандары сыннан өтті. Мұқағали оқуларының негізгі шартының ерекшелігі – бес айдардың бәрінен де өту керек. Біріншіден, өлеңді ой кестесіне сай көркемдеп, мәнерлеп оқу. Оқушылардың ой жүйелілігі, сөз шешендігі, суырыпсалмалылығы, ұтымды жауабы ескерілді. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа айту арқылы өзара сынға түсті. Барлық сыннан мүдірмей өтіп, алға озып шыққан талантты, жас мұқағалитанушылар өз өнерлерін өнер сайысында көрсете білді.

Мұқағалиды еске алып келеді елім,

Қайталаған қазақтың қара өлеңін.

Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,

Мұқағали, Жұмекен, Төлегенін, - дей отырып,

осы сайыста ерен де сүбелі еңбегімен, дарынды оқушыларымен көзге түскен № 12, 7, 33, 2, 35, 13 қала мектептері. Ұлыларды ардақтау, олардың өмірі мен шығармашылық еңбектерін болашақ ұрпағымызға насихаттау – біздің азаматтық парызымыз.