ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
АНАР ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ БАЙМҰРАТОВА
ӘДІСКЕР
11-05-2015 14:52
<CENTER>АНАР ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ БАЙМҰРАТОВА<H5><B>ӘДІСКЕР</B></H5></CENTER>
deb45d333d0414ba3de42155789fdb4a_M
Өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының, әдістемелік кабинетінің ережесінде анықталған қызметтерді орындайды және міндетті:
- мемлекеттік тілде оқытылатын қалалық балабақшалардың және қазақ тілі мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру;
- жаңа бағдарламаларды, оқыту - әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын білу және енгізу бойынша педагогтардың жұмысын ұйымдастыру;
- дарынды балалармен жұмыс жасауға, шығармашылық сайыстарды ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету;
- тәжірибелерімен алмасуды зерттеу, жинақтау және жалпылау, оны насихаттау;
- «Жас әдіскер мектебін» ұйымдастыру және жүргізу;
- мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын рейтинг бойынша бағалау;
- оқу-тәрбиелік үрдісінің мазмұнын жаңарту және оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- балабақшалардың аттестацияға дайындалуына әдістемелік көмек көрсету;
- шығармашылық сайыстарды өткізу;
- балабақшалардың тәрбиеленушілеріне арналған интеллектуалды сайыстарға материалдарын құрастыруға қатысу;
- балабақшаларда бақылау үзіктерін өткізу (мәтіндерді құру, мәліметтерді жинастыру, аналитикалық материалдарды құру);
- мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледжінің, облыстық ПКБАИ, ОТДИО әдіскерлерімен өзара әрекет жасау.
- ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауға.