Өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының, әдістемелік кабинетінің ережесінде анықталған қызметтерді орындайды және міндетті:
-
мемлекеттік тілде оқытылатын қалалық балабақшалардың және қазақ тілі мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру;
-
жаңа бағдарламаларды, оқыту - әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын білу және енгізу бойынша педагогтардың жұмысын ұйымдастыру;
-
дарынды балалармен жұмыс жасауға, шығармашылық сайыстарды ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету;
-
тәжірибелерімен алмасуды зерттеу, жинақтау және жалпылау, оны насихаттау;
-
«Жас әдіскер мектебін» ұйымдастыру және жүргізу;
-
мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын рейтинг бойынша бағалау;
-
оқу-тәрбиелік үрдісінің мазмұнын жаңарту және оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-
балабақшалардың аттестацияға дайындалуына әдістемелік көмек көрсету;
-
шығармашылық сайыстарды өткізу;
-
балабақшалардың тәрбиеленушілеріне арналған интеллектуалды сайыстарға материалдарын құрастыруға қатысу;
-
балабақшаларда бақылау үзіктерін өткізу (мәтіндерді құру, мәліметтерді жинастыру, аналитикалық материалдарды құру);
-
мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледжінің, облыстық ПКБАИ, ОТДИО әдіскерлерімен өзара әрекет жасау.