ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 90 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілген шаралар туралы ақпарат
21-01-2015 11:09

Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың 90 жылдығын мерекелеу шеңберінде қаланың барлық мектептерінде сұхбаттар, спорттық жарыстар өткізілді, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды, қаңтардың 19-ы күні Бірыңғай сынып сағаттары өткізлді.

Осылайша, №39 мектепте:

- мектептің кітапханасында тақырыптық көрме ұйымдастырылды, онда «Слово о Махмете Каирбаеве», «Остался в памяти Герой» атты газет беттерінің мақалалары, «Воспоминания о Герое Советского Союза М.Кайырбаеве» естеліктер жинағы ұсынылды;

- «Нам не нужна война!» тақырыбына оқушылар арасында суреттер сайысы және Махмет Қайырбаевтың өмір жолы, ерлігі, партиядағы қызметі туралы толық ақпаратымен ақпараттық парағын шығару шаралары өткізілді;

- электронды презентациялар;

- қаңтардың 19-ы күні барлық сыныптарда «Ердің ерлігі –ешқашан ұмытылмас!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді;

- мектеп сайтында «Жеңістің 70 жылдығына арналады...» интернет-парағы жайғастырылды.