Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Ең үздік авторлық бағдарлама - 2017» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурстың мақсаты - педагогикалық кәсібилігінің беделін арттыру, инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту, кәсібилік шеберліктерінің өсуіне қолдау жасау.
«Ең үздік авторлық бағдарлама - 2017» конкурсына Павлодар қаласының 1 мектептен тыс мекемесінен және 34 мектептен 125 мұғалімнің 106 жұмысы ұсынылды. Конкурсқа қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, қоғамдық бағыты, география, биология, химия, физика, информатика, шетел тілі, бастауыш сынып, технология, бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, өзін-өзі тану, психология, логопедия бойынша жұмыстар ұсынылды.
Сараптама комиссияның шешімі негізінде әр бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: № 13 ЖОМ орыс тілі мұғалімі С.А. Бойченко, № 42 ЖОМ, № 20 ЖОМ тарих мұғалімдері Г.К. Абенова, Е.Т. Марзатаев, № 1 ЖОМ, № 19 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, № 36 ЖОМ, № 37 ЖОМ, «Стикс» ЖОМ, № 34 ЖОМ биология мұғалімдері Н.В. Милейко, Н.З. Зардхан, М.Б. Джавадова, К.Т. Калиева, Н.П. Левина, Е.В. Кузнецова, В.В. Бедренец, № 28 ЖОМ химия мұғалімі Л. В. Жила, № 1 ЖОМ физика мұғалімі С. В. Прохоренко, № 34 ЖОМ логопеді Л. П. Карпова, № 19 ЖОМ, № 34 ЖОМ информатика пәні мұғалімдері А.С. Серикбаев, И.О. Поляков. Ең көп жүлделі орын алғандар № 28 (6), 34 (4) мектеп мұғалімдері.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Ең үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысады. 2016 жылғы «Ең үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде 29 қатысушыдан № 19 ЖОМ информатика пәні мұғалімі А.С. Серикбаев, № 16 ЖОМ физика пәні мұғалімі Н.А. Ликарь жеңімпаз атанып, республикалық кезеңінде команда құрамында 1 және 2 орындарға ие болды.