ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көптілділіктен мұғалімдердің ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдары
17-03-2017 03:46
Көптілділіктен мұғалімдердің ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдары

Қала мектептерінде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті  2017 жылғы 14 наурызда  «Үш тілде білім беру бойынша ең үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2017»  сайысын  өткізді. Сайыс мақсаты- көптілді білім беруге арналған оқу-әдістемелік, дидактикалық кешенді әзірлеу бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау, зерделеу және тарату, талантты ұстаздарды анықтау және қолдау.

Конкурсқа 14 қала мектептерінен 19 мұғалімнің 13 жұмысы және 3 мектепке дейінгі мекемелердің 3 тәрбиешісінің жұмыстары ұсынылды. Конкурсқа  Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, география, математика, ағылшын тілі, жаратылыстану, информатика, химия, логопедия  бойынша жұмыстар ұсынылды.

Конкурсқа ұсынылған әдістемелік құралдар жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарт негізінде құрастырылған, сондай-ақ  білім беру үдерісіне көптілділікті енгізу бойынша  Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жоспарын іске асыру бойынша ұсыныстар берілген.

Сараптама комиссияның шешімі негізінде әр бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: Н. П. Левина, «Стикс» мектебінің  ағылшын тілі мұғалімі, Т.В. Жукова, № 39 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі,  А.М. Анапиянова, Е.Ф. Белоусова, С. А. Каримова, Л.В. Никитюк, № 9 ЖОМ өзін-өзі тану, қазақ, ағылшын тілі мұғалімдері, Л.М. Логвинова, Е.Л. Чайковская, № 16 ЖОМ биология мұғалімдері,  Э.У. Мукарова, С.С. Дюсенова, № 34 ЖОМ география  мұғалімдері, Н. Шынык, М.К. Куралханова, С.Ж. Ауталипова, № 12, 25, 37 ЖОМ химия мұғалімдері  А.С. Альмуханова, № 17 балабақшасының тәрбиешісі,  Ж.К. Торайгырова, № 48 балабақшасының тәрбиешісі.

Н. П. Левинаның «Математика ағылшын тілінде» факультативтік курстың  бағдарламасы  бастауыш сынып оқушыларына арналған. Ағылшын тілінде оқыту математика пәнін оқытуымен  ықпалдасады. Авторлары  Л.М., Логвинова, Е.Л. Чайковскаяның «Жаратылыстанудан Вокабуляр» атты құралы жаратылыстану пәні бойынша 5-сынып оқушыларына арналған. Құралға терминология негіздерінен басқа, сабақта пайдалану үшін иллюстрациялар, мысал үшін келтірілген сабақ жоспарлары енгізілген. № 9 ЖОМ мұғалімдерінің   өзін-өзі тану сабақтарының әдістемелік әзірлемелері көптілділік аясында 1-сынып оқушылары үшін әзірленген. Оқу құралы күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, сабақ жоспарлары және  электрондық нұсқада  ресурстарды қамтиды.