ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің өлкем» жобасына қала мектептерінің 200 аса оқушылары қатысты
18-03-2017 03:43
 «Менің өлкем» жобасына қала мектептерінің 200 аса оқушылары қатысты

Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында «Менің өлкем» жобасын  жүзеге асыру  2017 жылдың ақпанынан наурызына дейін созылды. Жоба қатысушылары зерттеу-өлкетану, ізденіс, «Жас саяхатшы» жұмысымен айналысты.Жоба мақсаты-туған үйі, достары,ата-анасы тұратын,балалық шағы өткен туған жері, кішкентай отанына, Отанға деген сүйіспеншілігі, азаматтық абыройы,ұлттық мақтаныш сезімін игерген, құқықтық демократиялық мемлекеттің азаматын Қазақстан патриотын тәрбиелеу - деп белгілейді орталық ұстазы Жолдаспаева Арай Құрманғалиқызы.

10 - 12 оқушыдан тұратын қала мектептерінің 218 оқушы құрамында 15 команданың жоба қатысушылары бірінші турдың визит карточкасында өзінің кішкентай туған жерін ұсынды-кішкентай ауыл,қала көшесін және әткеншегімен жайлы аула, құм және ағашсырғанағы. Осы кезден ең шығармашылық, креативтік команда барлық жоба бойы зерттеу-өлкетану,ізденіс, шығармашылық жұмыспен айналысты. Облыстық мұражай мамандарынан әділқазылар мүшелері 15 номинациядан 15 саяхат тыңдады және көрді: қала бойынша саяхат шолу, тақырыптық саяхат, менің мектебімнің тарихы. «Павлодар бойынша саяхат» саяхатшы Андриенко Ярослав (ЖОМ № 1), «Менің мектебімнің тарихы» - Зайцева Раиса (ЖОМ № 36), «Менің туған қаламның тарихы» - Дюдина Лидия (ЖОМ № 9) жоғарғы бағаға ие болды. «Ұлы дала - менің туған өлкем» музыкалық композиция байқауының шарты бойынша шығармашылық орындау - тембр сұлулығы, стильді түсіну, әртістілігі, микрофонды пайдалана алуы, сахнада өзін ұстау мәдениеті, сахналық костюм, тақырыпқа және орындаушының жасына репертуар сәйкестігі. Жоба музыкалық  нөмір, саяхат ең жақсы визитка ұсынған гала-концертпен аяқталды. Салтанатты жағдайда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс қорытындысы жасалды. № 15, 7, 33, 6 ЖОМ  ең жақсы саяхатшыларына грамоталар және естелік сыйлықтар тапсырылды. «Ұлы дала - менің туған өлкем» музыкалық байқауының ең жақсы қатысушылары № 1, 37, 19 ЖОМ. «Менің өлкем» жобасының белсенді қатысушылары Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының грамоталарымен № 19 «Кереку ұландары», № 41 «Жас ұрпақ», № 20 мектеп лицейдің «Сұңқар» командалары марапатталды. I, II, III орынның грамоталары мен сыйлықтарына № 9 (1), «Жауынгерлер» № 37 (2), «Жастолқын» № 29 ЖОМ (3) көшбасшы-командалары ие болды. «Менің өлкем» жобасының гран-при иегері № 1 ЖОМ «Патриот» командасы. Командаға грамота, кубок және сыйлық тапсырылды.